Түркістандық тұрғын көкөністен 9 түрлі өнім дайындап жатыр

0
386

Керекті өнімді де өзі егеді.


Түркістандық тұрғын көкөністен 9 түрлі өнім дайындап жатыр

Ордабасы ауданының тұрғыны өз үйінде кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округіне қарасты Көктөбе елдімекенінің тұрғыны Ұлжан Молдабаева жеке үй шаруашылығы секторында көкөністен 9 түрлі өнім консервілеуде. Ол күніне орташа есеппен 150-250 құты өнім жабатын кәсіпкерлік нысанымен 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.


Жеке кәсіпкер өзіне тиесілі 3 гектар жер теліміне консервілеуге қажетті көкөніс егіп, түскен өнімді кәдеге жаратуда. Өз қаржысымен кәсібін дөңгелеткен ауыл тұрғыны жылына 10 000-нан астам консерві дайындайды екен. Кәсіптің көзін тапқан деген осы болар.