Түркістандық тұрғын қырық мың балық өсіріп жатыр

0
658

Қолдан 8 көл жасап қойған.


Келес ауданының тұрғыны балық шаруашылығымен айналысып келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны Бауанов Жанат Келес өзенінің бойынан жер телімін алып, балық өсіріп жатыр. Ол өзіне тиесілі отыз гектардан астам жердің 8 гектарына сегіз балық өсіру көлін жасап, 2 жыл бұрын соның үшеуіне 120 мың сазан мен беломор шабағын тастаған.

«Осыдан екі жыл бұрын өз қаржыма осы жерді алып, қолдан қазылған көлдерге Тараз қаласынан жүз жиырма мың шабақ әкелдім. Қазір сол балықтардың салмағы 5-10 келі аралығында. Балықтың жемін өз ауданымызда өсірілетін бидайдан жасалып жатыр. Енді көлдегі үлкейген балықтарды қысқа қарай сатылымға шығарамыз» - дейді кәсіпкер Жанат Асанұлы.

Сондай-ақ, кәсіпкер алдағы уақытта қалған бес көлді де балыққа толтыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, кәсібіне қолдау ретінде мемлекеттік субсидияны алуға өтініш берген екен. Бүгінде аталған кәсіпорын онға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.