Түркістандық тұрғын өз қызын зорлап жүрген

0
1 966

Әйелі үлкен қызының телефонынан күйеуінің жіберген хабарламаларын көріп қойған.


Түркістандық тұрғын өз қызын зорлап жүрген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының тергеушілерң педофил әкенің кінәсін толық дәлелдеп, 20 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың басында Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, әйел азамат өзінің үлкен қызының телефонынан күйеуінің жіберген хабарламаларын тауып алғанын айтқан. Оның жіберген мәтіндерінің мазмұны әйелге күдік тудырған. Содан соң қызымен ашық сөйлесіп, нәтижесінде күйеуінің өз қызын зорлап жүргенін түсінген. Әйелдің арызын бірден ҚР ҚК-нің 120-бабы "зорлау" бойынша СДТТБТ-ға тіркеген тергеушілер тергеуді бастап кетеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл отбасыныңешқандай есепте тұрмайтын, қарапайым жанұя екенін анықталған.

Отбасының отағасы Ресейде вахталық әдіспен, ал анасы Арыс қаласында жұмыс істейді екен. Көпбалалы отбасында бес бала тәрбиеленуде. Ең үлкен қызы педофил әкенің құрбаны болып отыр. Жәбірленушінің әкесі кінәсін мойындамай, әңгімелескен сайын істегенін жоққа шығарып, айтқанынан қайтпаған. Қызым барлығын ойынан шығарып отыр деп, тергеушілерді адастыруға тырысқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруге үш айдан астам уақыт жұмсалып, бірқатар сараптамаларды тағайындалған. Қыздың әкесінің кінәсін дәлелдеу үшін айғақтарды жинауға қажетті басқа да іс-шаралар кешені атқарвлған. Нәтижесінде алты томдық қылмыстық іс қозғалды. Әр том 180 беттен тұрады. Осылайша 2020 жылдың жазында іс толығымен аяқталып, айыптау актісімен бірге сотқа жіберілген.

«Сот істі қарап, өз үкімін шығарды. Өз қызын зорлаған қатыгез әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.