Түркістандық тұрғындар әкімге алғыс жаудырды

0
2 273

Мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың шаңырақтарында болды


Түркістандық тұрғындар әкімге алғыс жаудырды

ERNUR.KZ. Жаңа аудан әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, «Құрбан айт» мерекесіне орай Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және Абай ауылы әкімі Е.Абдирахманов Абай ауылындағы мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың шаңырақтарында болып, қал жағдайларын білді.

Сонымен қатар, керекті азық-түліктерді тарту еткен Ақментай Үсенұлы қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтады. Осындай іске риза болған келестіктер аудан басшысына алғыстарын жаудырды.