Түркістандық тұрғынның екі сиырын ұрлағандар құрықталды

0
1 044

Ұрылар жәбірленушілердің бейқамдығын пайдаланып, малдарды түнде ұрлаған және жергілікті базарларда сатқан.


Түркістандық тұрғынның екі сиырын ұрлағандар құрықталды

Түркістан облысының полицейлері бірнеше мал ұрлығына қатысы бар ұрылардыұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғындар белгісіз біреулер малдарын ұрлап кеткендігін және жәбірленушілердің бірі 2019 жылдың наурыз айында оның шаруашылығынан жалпы құны 350 мың теңгеге жуық болатын екі сиыры қолды болғандығын хабарлап, арызданған. Аталған жайттар Сайрам АПБ-ның СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелген.

Содан кейін, қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті іс-шараларды жүзеге асырған.

Сондай-ақ, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері күдіктілерді, яғни жергілікті тұрғындарды құрықтайды. Оның екеуі бұрын сотты болған және тергеу барысында күдіктілердің 9 мал ұрлығына қатысы бар екендігі, жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асатыны анықталған.

Тергеп-тексеру кезінде анықталғандай, ұрылар жәбірленушілердің бейқамдығын пайдаланып, малдарды түнде ұрлаған және оларды көлікке салып әкеткен. Содан кейін, ұрланған малдарды жергілікті базарларда сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда тергеп-тексеруден жиналған барлық материалдар шешім шығарылуүшін сотқа жолданды.