Түркістандық ұстаздар Түркиядан тәжірибе жинап қайтты

0
1 946

Мұғалімдер заманауи үлгідегі мемлекеттік мекемеде білім берудің жаңа технологияларымен танысқан.


Түркістандық ұстаздар Түркиядан тәжірибе жинап қайтты

Түркиға аттанған Түркістандық мұғалімдер тәжірибе алмасып келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен ағымдағы жылдың қаңтар айының 9-14 аралығында 40-тан аса аймақ ұстаздары Түркия елінде тәжірибе алмасып қайтты.

Анадолы жеріне табан тіреген түркістандықтар әуелі Ыстамбұл қаласындағы Абай атындағы мектепке барып, заманауи үлгідегі мемлекеттік мекемеде білім берудің жаңа технологияларымен танысқан. Одан кейін, «Doga» колледжінде қонақта болған. Аталған колледж студенттері техникалық білімдерімен, ғылыми ізденістерімен, халықаралық жетістіктерімен ерекшеленеді екен.

Айта кетерлігі, Түркияда оқу жылы 15 қыркүйекте басталып, 15 маусымда аяқталады. Онда мемлекеттік, жекеменшік және кешкімектептер бар және оқу жылы 2 жарты жылдыққа бөлінеді. Апталық жүктемеге 20-24 сағат ағылшын,5-9 сағат неміс тілі енгізілген. Таңдау пәндеріне сай ата-аналар балаларына дін, аспаздық, өнер сабақтарын үйретугеқұқылы. Ал, қыздар мен ер балалар бөлек сыныптарда білім алады екен. Сондай-ақ, шахмат пәні аптасына 8 сағат өткізіледі және робототехника мектеп қабырғасында міндеттісаналады. Сонымен қатар, дене шынықтыру сабағының10-12 сағатыбассейінге арналған.

Айта кетейік, облыс басшысының қолдауымен қолға алынған айрықша жоба жыл соңына дейін жалғасады.

дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі