Түркістандық үздік жас түлектер марапатталды

0
1 385

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары әртүрлі салада жетістікке жеткен үздік оқушылармен кездесу өткізді.


Түркістандық үздік жас түлектер марапатталды

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбев халықаралық, республикалық ғылыми жоба жарыстары мен пән олимпиадаларында және өнер, спорт жарыстарында үздік көрсеткіштер көрсеткен өңірдегі үздік 40 оқушымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқосу барысында облыс әкімінің орынбасары жас түлектерді құттықтап,облыс мерейін асырған талапты түлектерге және оның білікті ұстаздарына алғысын жеткізді.

«Үлкен өмірге басқан қадамдарыңыз құтты болсын! Алда өтетін емтиханнан сәтті өтіп, таңдаған мамандықтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспін. Жастар, сіздердің алар асуларыңыз, шығар биіктеріңіз әлі алда! Сіздерді осындай дәрежеге жеткізген ата-аналарыңызға, ұстаздарыңызға үлкен алғысымдыайтамын. Біз сіздермен әрдайым мақтанамыз! Болашақта елге қызмет ететін абыройлыазамат болуларыңызды жазсын», – деді Мәлік Нұржанұлы.

Өз кезегiнде, түлектер өз ризашылығын бiлдiрiп, өз жетiстiктерi, алдағы жоспарлары туралы айтты.Сонымен қатар, үздік жас түлектер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, 2018-2019 оқу жылында түркістандық оқушылар дүбірлі додалардан 14 алтын, 25 күміс, 42 қола медаль олжалаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34 медальға артық. Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауыныңқорытындысы бойынша Түркістан облысының құрамасыең үздік командалардың бірі болып танылды.