Түркістандық волейболшылар ел чемпионы атанды

0
532

Елішілік жарысқа елімізден 9 команда қатысты.


Түркістандық волейболшылар ел чемпионы атанды

Волейболдан Түркістан облысының қыздары ел чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Екібастұз қаласында волейболдан 2005-2006 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Елішілік жарысқа елімізден 9 команда қатысты. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Павлодар, Екібастұз, Шығыс Қазақстан, Шымкент, Түркістан өңірлерінің арулары бақ сынады.


Нәтижесінде Түркістан облысының командасы ақтық сында «Жетісу» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша жасөспірім қыздар арасында өткен көктемгі ел чемпионатында түркістандық арулар алтыннан алқа тағып, жерлестеріне қуаныш сыйлады. Жүлделі екінші орынды жетісулық бұрымдылар иеленсе, үшінші орын Павлодар қаласының командасына бұйырды. Енді жеңімпаз атанған жерлестеріміз жоғарғы лигада әйелдер командалары арасында өнер көрсететін Түркістан облысының «Тұран» ойын түрлері клубында қаралымнан өтетін болады.