Түркістандық волонтерлар қаланың көркеюіне үлес қосып жатыр

0
951

Бір апта құрылыс істейді.


Түркістандық волонтерлар қаланың көркеюіне үлес қосып жатыр

Түркістандық волонтерлар қаладағы қайта жаңарту-жаңғыру жұмыстарына өз үлестерін қосуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта қаланы қайта жаңарту-жаңғырту мақсатында Түркістандағы Әзірет-Сұлтан кесенесінің маңында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда біршама уақыттан бері әр түрлі бағыттардан құралған еріктілер облыс орталығы - Түркістанның гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне өз септіктерін тигізіп келеді , солардың бірі - «Birgemiz: Asyl Mura» жастары.

Осы кезге дейін аймақтағы тарихи-мәдени нысандардың қазба және тазалық жұмыстарына көмектесіп жүрген олар енді Түркістандағы Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің жұмыстарына алдағы бір апта бойы қолғабыс ететін болады.

Бүгін алғашқы күнді волонтерларға археолог мамандар кесененің тарихы жайлы ақпараттар айтып, жұмыс барысын таныстырумен бастады.

Онда волонтерларды бастап барған, фронт офистің жетекшісі Амалбек Өміртай жастарға жұмыстың маңыздылығы мен мақсатын түсіндірді. Сонымен қатар, «Birgemiz: Asyl Mura» бағытындағы жұмыстарға да тоқталды.

Енді белсенді жастар апта бойы Әзірет-Сұлтан кесенесінің қақпасын қайта жаңарту жұмыстарына қатысатын болады.

Айта кетейік, еріктілердің жұмысы "Birgemiz: Asyl Mura" бағытындағы грант ұтып алған волонтерлер қозғалысы аясында жүріп жатыр.