​Түркістандық жас жүзушілер жоғары нәтиже көрсетті

0
1 416

Алдағы уақытта болатиын турнирлерде спортшыларға артылатын сенім мол.


​Түркістандық жас жүзушілер жоғары нәтиже көрсетті

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында жүзу спортынан біріншілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Үш күнге жалғасқан турнирге еліміздің 7 қаласынан келген 278 спортшы бақ сынады. Додаға 2004 – 2005, 2006 – 2007 және 2008 жылдан төмен жастағы спортшылар қатысып, бас жүлде үшін сайысты. Осылайша ұйымдастырушылар жас жүзушілердің алдағы турнирлерге дайындықтарын пысықтап алды. Сайысқа келген спортшылар жоғары дайындықпен келгенін паш етті.

Турнир қожайыны ретінде бақ сынаған Түркістан облысының олимпиада резервін дайындайтын су спорты мектебінің түлектері жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, Түркістан облысының командасы 7 алтын, 4 күміс, 3 қола медалін еншіледі. Осылайша облыс жүзушілері бапкерлердің сенімін ақтап, өздерінің тәжірибе жинақтағанын көрсетті.

Ал, Түркістан облысының олимпиада резервін дайындайтын су спорты мектебінің директоры Денис Жарменов спортшылардың жоғары нәтиже көрсеткені үшін жас спортшыларды алғысын білдіріп, оларға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.