Түркістандық жасөспірімдер республикалық турнирден жүлде еншіледі

0
608

6 сынып оқушысы жеңімпаз атанды.


Түркістандық жасөспірімдер республикалық турнирден жүлде еншіледі

Келестік жасөспірімдер республикалық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 21-22 сәуір күндері Ақтөбе облысында еркін күрестен Республикалық турнирі өтіп, Келес ауданынан барған 3 жасөспірім спортшы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтса,қ Келес ауданындағы №7 жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Бекзат Дүйсенбай 48 келі салмақта 1 орынды алды. Ал, келестіктердің намысын қорғаған Мирас Елшімбай мен Дастан Жиенәлі жүлделі үшінші орынға ие болды.


Аудан орталығы Абай ауылындағы «Нұржан ата» спорт мектебінің тәрбиеленушілері 2020 жылдан бері спорттың еркін күрес түрімен шұғылданып келеді. Бапкері Бақытжан Бурашевтің айтуынша бұл жасөспірімдердің ынтасы, спортқа деген сүйіспеншілігі ерекшеленеді дейді. Жалпы Ақтөбе облысында өткен турнирге Келес ауданынан 6 жасөспірім спортшы барып, өз шеберліктерін көрсетті.