Түркістандық жастар Президенттік кадр резервінің шешуші кезеңінде бақ сынап жатыр

0
774

Резервке алынған жастарға алдағы 5 жыл ішінде мемлекеттік ең жоғары басқарушылық лауазымдары ұсынылады.


Түркістандық жастар Президенттік кадр резервінің шешуші кезеңінде бақ сынап жатыр

Түркістандық 6 жас Президенттік кадр резервінің шешуші кезеңдеріне өткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, резервке алынған жастарға алдағы 5 жыл ішінде мемлекеттік ең жоғары басқарушылық министр және олардың орынбасарлары, жауапты хатшы, облыс әкімі мен орынбасарлары, аппарат басшылары, комитет төрағалары, ұлттық компания мен холдинг төрағалары және мүшелері, сонымен қатар аудан, қала әкімі лауазымдары ұсынылады.

Солардың біріМақсұтбек Пирметовөңірдегі белсенді жастармен кездесті. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында өткен жиында М.Пирметов Президенттік жастар кадр резервінің кезеңдері мен одан өту барысы бойынша кең көлемде айтып өтті.

Сондай-ақ, үміткер Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу автоматтандырылған жүйе арқылы ашық жүргізілгендігін жеткізген М.Пирметов тестілеу кезеңдерінен сәтті өтіп, жоба қорғау және эссе жазу кезеңдеріне қатысқан. Бұл кезеңдердің қорытындылары 2019 жылдың 20 қарашасында белгілі болады.

Ал, жиын соңында өңіріміздің жастары арнайы шақыртылған қонақпен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу барысы туралы пікір алмасты.