Түркістандық жігіт досын көлікпен сүйреген (видео)

0
490

Кінәсін мойындап, жауапқа тартылды.


Түркістандық жігіт досын көлікпен сүйреген (видео)

Түркістан облысында көлікпен досын сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді күн тәртібінен түсірген емес. Осы бағытта жүргізілген кезекті жұмыс барысында «Инстаграмдағы» парақшалардың бірінде бір топ жас жігіттердің теріс қылықтары анықталды.

«ВАЗ-2114» маркалы Ресей автокөлігімен белгісіз жас жігітті сүйреген достар арасында қандай да бір ойын ұйымдастырылып, оны бейнежазбаға түсірген. Орын алған құқық бұзушылыққа қатысты жолаушы тасымалдау қағидасын бұзған жүргізушіні табу мақсатында тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оқиға Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде орын алғаны анықталды.

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүрісі қағидаларында көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» және606-баптың 1-бөлігі «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын бұзып, апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» бойынша хаттама түзілді.


Өз кезегінде жас жігіттер жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді. Белгілі болғандай, жүргізуші түркістандық болса, жанындағы достары Тараз қаласының тұрғындары.