Түркістандықтар әлеуметтік азық-түлікпен толық қамтамасыз етіледі

0
640

Облыста әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың 16 түрі өндіріледі.


Түркістандықтар әлеуметтік азық-түлікпен толық қамтамасыз етіледі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аппарат отырысында облыс бюджетінің орындалуының қорытындысын және салықтық түсімдер мәселесін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған отырыста Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһарда бой көтерген тұрғын үйлерді қабылдап алу мен сатылуы барысын баяндады. Қаланы абаттандыру, көгалдандыру және инфрақұрылым, тұрғын үй массивтерін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды ортаға салды.


Сонымен бірге, аппарат отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу шаралары мен тұрақтандыру жұмыстары жайлы айтылды. Облыста әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың 16 түрі өндіріледі. Тұтыну нормасына сәйкес, бұл өнімдермен облыс халқы толық қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда картоп, сәбізден 1,5 есе, пиязбен 3,1 есе, қырыққабатпен 4,2 есе және етпен 1,5 есе, сүтпен 7 есе. Ал, тек құс етімен 26,2%, жұмыртқамен қамтамасыз ету көлемі 41% құрайды.