Түркістандықтар дәнді дақылдардың өнімділігі жоғары болады деп болжап отыр

0
1 033

Арпа өнімі гектарына 22,0-25,0 центнерді құраса, ал бидай орта есеппен 24,0-27,0 центнерге дейін өнім беріп жатыр екен.


Түркістандықтар дәнді дақылдардың өнімділігі жоғары болады деп болжап отыр

Түлкібаста астық ору науқаны басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының шығыс шекарасында орналасқан Түлкібас ауданында астық ору маусымы басталды. Шырайлы табиғатымен ерекшеленетін өңірде 2019 жылдың күз айларында 2020 жылдың өніміне 10545,0 гектар күздік бидай,2020 жылдың көктемінде 4607,0 га жаздық бидай, 9227 гектар арпа мен 12398,0 гектар мақсары дақылы (майлы дақылдар) егілген.

Бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған егіннің 7000,0 гектары орылған. Оның ішінде 5500,0 гектар арпа және 1500,0 гектар бидай бар. Мамандардың пайымдауынша, биылғы жылы масақты дәнді дақылдардың өнімділігі жоғары болмақ. Мәселен, арпа өнімі гектарына 22,0-25,0 центнерді құраса, ал бидай орта есеппен 24,0-27,0 центнерге дейін өнім беріп жатыр екен. Ал мақсарының қазіргі уақытқа дейін пісіп, жетілмеуіне байланысты тамыз айының екінші жартысында ғана өнім жинала бастайды.

Айта кетсек, Түлкібас ауданында 1830 шаруа қожалық арпа, бидай, мақсары дәнді дақылдарын егіліп, оларды жинау жұмыстарына 83 комбайн және 114 трактор техникасын жұмылдырып отыр.