Түркістандықтар «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысып жатыр

0
717

Көрмеге 50 елден 40 мыңға жуық бизнес өкілдері қатысуда.


Түркістандықтар «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысып жатыр

Түркістан облысы Екатеринбург қаласындағы «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Іс-шара 10-13 шілде аралығында «Екатеринбург-Экспо» ХВО-да өтуде. Форум барысында көрмеге 50 елден 40 мыңға жуық бизнес өкілдері қатысуда. «Иннопром» көрмесінде ұлттық экспозицияларын Армения, Беларусь (серіктес ел ретінде), Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ұсынады, ал, Бахрейн, Египет, Үндістан, Иран, БАӘ, Сербия, Түркия сияқты басқа да елдердің ресми және бизнес-делегациялары қатысушылар ретінде жария етілді.


Көрменің негізгі бөлімдері: металл өңдеу, көлік машинасын жасау, энергетика, автоматтандыру және робототехника, цифрлық өндіріс және т. б. арналған.


Қазақстандық павильонның жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрайды – мұнда өнеркәсіптің түрлі салаларындағы жетекші 250 отандық компания орналасқан.


Көрменің экспозициясын аралап көрген Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкоға және Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге өнеркәсіп өнімдері мен тиісті технологиялардың соңғы үлгілері таныстырылды.


Әлихан Смайылов негізгі стратегиялық сессияда сөйлеген сөзінде өңдеу өнеркәсібіндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының оң қарқынын атап өтті.


Түркістан облысы делегациясын өңірдің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов басқарды. Сонымен қатар, оған басқарма орынбасары Қанат Шонбасов, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев, «Түркістан» АЭА» АҚ Басқарма төрағасы Берік Әшірбеков, «Turkistan Invest» ИТЭДАА» ЖШС бас менеджері Зарина Загидуллина кірді. Облыстың бизнес-делегациясын «KazPlast» ЖШС, «Kaz Kioti» ЖШС, «Бозарық-Абз» ЖШС, «Түлкібас жеміс жидектері» ӘКК сияқты компаниялар құрады.


Облыстық делегация іскерлік бағдарламаның 1-ші күні «Ресей - Қазақстан өнеркәсіп кооперациясы» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты.


2-ші күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Қарабаевтың қатысуымен ресейлік кәсіпорындармен B2G-келіссөздер өтті. Түркістан облысының делегациясы өңірдің мүмкіндіктерін таныстырып, жаңа инвестицияларды тарту үшін осы келіссөздерге қатысты.