Түркістандықтар қаланы көркейту үшін өз жобаларын ұсына алады

0
1 095

"Amazing Turkistan" қосымшасы халыққа мүмкіндік сыйлайды.


Түркістандықтар қаланы көркейту үшін өз жобаларын ұсына алады

Түркістан қаласының тұрғындары өз жобаларын ұсына алады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының тұрғындары бүгіннен бастап қаланы көркейту үшін ойындағы жобаны қала әкімдігінің ресми сайты (turakimat.gov.kz) "Amazing Turkistan" қосымшасы және http://budget.amazingturkistan.kz/ сайты арқылы ұсына алады. Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жобалар қабылданып, дауыс беру жүргізіледі. Ең көп дауыс жинап, сараптамалық кеңестен өткен жоба келер жылы іске асырылатын болады.

«Халық қатысатын бюджеті» - азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Түркістан қаласы аумағын көркейту мен абаттандыруды көздейді. Ол үшін сіздің жобаңыз ҚР заңнамасына қайшы келмейтін, іске асырылуы әкімдіктің құзыретіне кіретін және Түркістан қаласының аумағында болуы қажет.

Айта кетерлік жайт, автор бір ғана жобаны ұсына алады. Жалпы, 10 дауыс жинаған автордың жобасы әкімдіктің сараптамалық кеңесіне ұсынылады. Сапартамалық кеңес Түркістан қаласының тұрғындары, қала аумағында қызметін атқаратын қоғамдық және басқа ұйымдардың өкілдерін қосқанда 15 адамнан тұрады.