Түркістандықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

0
737

Облысымызда саяси қуғын–сүргінге ұшыраған 7 мыңнан астам адамның есімі белгілі.


Түркістандықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Түлкібас ауданында қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтарды еске алуға арналған шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түлкібас ауданында сонау 1937-1938 жылдары «Халық жауы» деген орынсыз тағылған айыптан, қуғын - сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтарды еске алуға арналған шара өтті. Іс-шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт бастаған зиялы қауым өкілдері мен мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ұрпақтары қатысты. Қазіргі таңда облысымызда саясиқуғын – сүргінге ұшыраған 7 мыңнан астам адамның есімі белгілі болса, соның 380-і түлкібастықтар.

1993 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заңы аясында жазықсыздан-жазықсыз мерт болған жандардың барлығы толығымен ақталған.

Елбасының1997 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен бекітілген «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» аталып келе жатқанына 21 жыл толып отыр. Біздің барша халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мәнге ие.

Іс-шара соңында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға» арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, сол бір қыстау заманда қаза тапқан ата-бабаларымыздың рухтарына құран бағышталды.