Түркістандықтар Маңғыстауға 70 тоннадан астам мал азығын жөнелтті

0
513

Жетісайлықтар тағы да қосымша 60 тонна мал азығын жөнелтпек.


Түркістандықтар Маңғыстауға 70 тоннадан астам мал азығын жөнелтті

Түркістандық шаруалар «Біз біргеміз» акциясы аясында 74 тонна пресс шөпті маңғыстаулықтарға жөнелтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақ халқының ізгі қасиеттерінің бірі қайырымдылық екені даусыз. Кез-келген қиындықты ел болып жеңе білген. Маңғыстау облысында биыл жауын-шашын аз түсуіне байланысты мал азығы шөптің жеткілікті мөлшерде шықпай қалуына байланысты қуаңшылық орын алды. Осыған орай еліміздің әр өңірі өз жәрдемін көрсетуде.


Мәселен, Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары «Біз біргеміз» акциясы аясында 74 тонна пресс шөпті маңғыстаулықтарға жөнелтті. Сондай-ақ, жетісайлықтар тағы да қосымша 60 тонна мал азығын жөнелтпек. Айта кетерлігі, былтыр ғана топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Өргебас ауылының шаруалары да бір вагон жем-шөп тиеп қиындық көріп жатқан шаруаларға жіберді.