Түркістандықтар Түркияға гуманитарлық көмек тиелген 2 ұшақ жөнелтеді

0
595

10-11 ақпан күндері арнайы гуманитарлық рейс ұйымдастырып отыр.


Түркістандықтар Түркияға гуманитарлық көмек тиелген 2 ұшақ жөнелтеді

Түркістан облысынан Түркияға гуманитарлық көмек жіберіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркия еліндегі жер сілкінісі әлем халықтарының ортақ қайғысына айналғаны белгілі. Ал бауырлас қазақ халқына тіпті ауыр тиді. Мемлекет басшысының бастамасымен 100-ден құтқарушы мен дәрігер Түркияның зілзала болған қалаларына аттанды.


Сондай-ақ, еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек жинаушылар саны артып келеді. Соның бірі - Түркістан қаласындағы Халықаралық «Turkistan» әуежайы. Мекеме Түркияның Ыстамбұл қаласына 10-11 ақпан күндері арнайы гуманитарлық рейс ұйымдастырып отыр. Кез келген азамат өз мүмкіндігінше көмек бере алады. Ол үшін ересектер мен балаларға арналған жылы қысқы киімдер, көрпе-төсек, тұрмыстық заттарды «Turkistan» әуежайына әкелуі қажет.


Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы - 2 тонна. Әуе рейстерін «Fly Arystan» және «Turkish Airlines» компаниялары орындайды. Қаржылай көмек беремін деушілер «Каспий банк» қосымшасы арқылы мына нөмірге ақша аударып, байланыса: 8 702 165 25 67 Шынболат.