Түркістанға АҚШ-тың медициналық көмек көрсету саласындағы​ үздігі келді

0
1 865

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың арнайы шақыртуымен Түркістан облысына Ричард Чарльз (Richard Charles Wilkinson) келді. Өз ісінің үздігі Алабама штатындағы магистр, жедел медициналық көмек, жетілдірілген және тактикалық шұғыл медициналық көмек саласындағы кәсіби маман. Түркістан қаласының емханасында американдық технология бойынша BLS, ALSD тақырыбы бойынша мастер-класс өтуде. Түркістан облысының фельдшерлері, медбикелері, реаниматологтары мен ЖТД дәрігерлері бұрын соңды болмаған мүмкіндікке ие болды.


Түркістанға АҚШ-тың медициналық көмек көрсету саласындағы​ үздігі келді

Қазақстанға алғашқы рет келген АҚШ-тың медициналық көмек көрсету саласындағы үздік жаттықтырушысы Түркістан облысының дәрігерлеріне шеберлік сабағын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың арнайы шақыртуымен Түркістан облысына Ричард Чарльз (Richard Charles Wilkinson) келді. Өз ісінің үздігі Алабама штатындағы магистр, жедел медициналық көмек, жетілдірілген және тактикалық шұғыл медициналық көмек саласындағы кәсіби маман. Түркістан қаласының емханасында американдық технология бойынша BLS, ALSD тақырыбы бойынша мастер-класс өтуде. Түркістан облысының фельдшерлері, медбикелері, реаниматологтары мен ЖТД дәрігерлері бұрын соңды болмаған мүмкіндікке ие болды.
Ричард мырза алыс шетелден құр қол келмепті. Аты әлемге әйгілі дәрігер қазақ жеріне табан тірер бұрын, жергілікті ұлттың әдет - ғұрпы мен ерекшеліктері жайлы сұрастырып, біліп келгенін айтады. Жергілікті дәрігерлер үшін шетелдік қонақ әр түрлі медициналық муляждарды сыйға тартты.
"Бүгінгі таңда алғашқы медициналық көмек көрсету адам өмірін құтқаруда басты рөлге ие. Біздің дәрігерлерімізге бұл технологияны соңғы халықаралық стандарттар бойынша оқытатын болады. Яғни, қиын жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша біздің дәрігерлеріміздің кәсіби деңгейі одан да жоғары болады, деген сөз. Дәл осы мақсатты біздің басшымыз Мұқан Кеңесбекұлы Егізбаев ұстанып, осы жолда елеулі жұмыстар атқарып келеді", - деді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова.
Ричард Чарльз-фельдшер, реаниматолог, халықаралық деңгейдегі нұсқаушы және жаттықтырушы, Алабама штатында медициналық көмек корпорациясында жұмыс істейді. 22 жылдан астам уақыт ішінде доктор АҚШ-тан тыс мастер-класстар өткізеді.
"Қазақстанға алғаш рет келдім. Түркістан маған қатты ұнады. Тарихи ескерткіштерге бай, көне шаһарлары бар сіздің халық бақытты екен. Ата - баба рухын сезіне алатындай осындай тамаша аймақта тұрып жатқан халықтың жолы болғыш, деп ойлаймын. Мені дәрігерлердің кәсібилік деңгейі де қуантты. Менің мақсатым - мейлінше көп маманға адам өмірін сақтауға үйрету", - дейді АҚШ-тың жаттықтырушысы Ричард Чарльз.