Түркістанға алғашқы болып көшкен департамент жұмысын бастады

0
3 562

Қазақстандағы өңірлер ішіндегі жаңадан құрылған Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлер саны 8,0 мыңға жуықтайды


Түркістанға алғашқы болып көшкен департамент жұмысын бастады

ERNUR.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына қоныс аударуда көш бастап, алғашқы жұмыс күніне кірісіп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласы Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес облыстың орталығы болып бекітіліп, Түркістан қаласына әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан көшіруге шешім қабылданғаны белгілі. Осы орайда еліміздегі қоғамымыздың тірегі, барлық бастамалардың көшбасшысы ретінде жүретін әрине – мемлекеттік қызметкерлер. Қазақстандағы өңірлер ішіндегі жаңадан құрылған Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлер саны 8,0 мыңға жуықтайды. Бұл үлкен күш және ең сенімді тірек болары сөзсіз.

Мемлекеттік қызметкерлердің басын біріктіріп отырған, үйлесімді жұмыс жасауын қадағалап қоғам мен халық арасындағы беделін сақтауда орасан зор қызмет атқарып келе жатқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің алар орны ерекше. Міне осындай жауапкершілік пен міндеттің жүгін арқалаған Түркістан облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы мен жауапты қызметкерлері қызметтік жетекшілік қасиеттерін осы тарихи кезеңде де таныта білуде.

Шымкенттен Түркістанға қоныс аударып жатқан қызметкерлердің басым бөлігін біріктіріп отырған аумақтық органдар арасында бүткіл қызметкерлерімен бастап келген - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев. Аталмыш мекеме Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтерген Отырар мөлтек ауданында орналасқан заманауи ғимарттың үшінші қабатына көшіп келіп және толыққанды қызметіне кірісіп кеткен алғашқы Департамент атанып отыр.

Осындай көшбасшылық қасиеттер сындарлы тарихи оқиғалар кезінде де бой көрсетуі барлық мемлекеттік қызметкерлерге үлгі әрі үлкен серпін беретіні айқын.

Айта кету керек, жақын күндері Департамент жанынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының және болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келген үміткерлерге арналған тестілеу орталығының ашылуы да облыс орталығы Түркістан қаласының беделін айшықтай түспек.