​Түркістаннан «Шаға жағажайына» қоғамдық көлік қатынайды

0
835

Жаңа демалыс орнының пайда болуына байланысты арнайы қоғамдық көлік қатынайтын болады.


​Түркістаннан «Шаға жағажайына» қоғамдық көлік қатынайды

Түркістан қаласы маңындағы Шаға елдімекенінде 2022 жылдың 8 шілдесінде жаңа жағажайдың ресми ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа демалыс орнының пайда болуына байланысты арнайы қоғамдық көлік қатынайтын болады. Ол «Түркістан-Шаға» ауданаралық бағытының кестесіне енгізіліп отыр.

Алғашқы рейс Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары маңынан сағат 10:00-де шығып, 11:20-да жағажайдан шығып кетеді.
Екінші рейс «Қуаныш» базары маңынан сағат 16:00-де шығып, 17:20-да Түркістан қаласына қайтады. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы қоғамдық көлік ұдайы қатынайтын болады.
Тасымалдаушы мекеме – «Жолаушы» ЖШС. Жол ақысы – 150 теңге. Байланыс телефондары: +7(776)-322-08-68, +7(777)-380-98-93