Түркістанның ажарлануына кәсіпкерлер де үлес қоспақ

0
1 807

Кәсіпкерлердің бірі ТҮркістан қаласына фитнес орталығын, енді бірі қонақүй салып беруге ниетті


Түркістанның ажарлануына кәсіпкерлер де үлес қоспақ

Түркістан қаласы даму жолында жаңа серпін алып, тарих толқынына әлем сүйсінер түрленген кейіпте енетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ сайтының Түркістандағы тілшісі.


Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа облыс орталығы Түркістан қаласын дамытуға арналған жобалармен таныстыру барысында атап өтті. Облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депуттары мен іскер азаматтардың қатысуымен өткен басқосуда аймақ басшысы ел қазынасынан қаланың Бас жоспарын жүзеге асыруға арналған бюджеттік қаржыдан бөлек, жеке кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін бірлесе атсалысуға шықырды.

Жиында киелі кенттің ертедегі, бүгіні мен болашақтағы келбеті бейнеленген арнайы бейнефильм халық қалаулыларының назарына ұсынылды.

«Түркістан қаласының болашағы өте үлкен. Шаһардың көркеюі мен облыс орталығы ретінде қалыптасуын Елбасымыз жіті қадағалап, аса мән беріп отыр. 22 компания қатысқан қаланың Бас жоспарына жарияланған конкус аяқталып, енді жеңімпаздар айқындалады. Бас жоспар бойынша қаланың көлемі кеңейіп әуежай, теміржол вокзалы, автовокзал, сервистік қызмет көрсететін нысандар, әкімшілік-іскерлік ғимараты, драма театры, конгресс-холл, филармония, кітапхана, мәдениет сарайы, спорт кешені, стадион, жүзу бассейндері салынатын болады. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебі, саябақтар, көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар, ассамблея ғимараты, денсаулық сақтауға арналған нысандары да бой көтереді. Ең негізгісі - әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың сапалылығына көңіл бөлу бірінші кезектегі мәселе», - деді Жансейіт Қансейітұлы.


Өңір басшысының сөзін жалғаған облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиевтің пікірінше, кәсіпкерлердің кәсібінің жандануына Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қашан да қолдау танытып, бизнестік бағдарламалар арқылы жағдай жасап келеді. Ендігі кезекте керісінше кәсіпкерлердің мемлекетімізге қолдау білдіретін кезі келді. Сондықтан ол қала көркінің ажарлануына үлес қосу мақсатында спорттық фитнес орталығын салуға ниетті екенін жеткізді. Айтылған ойды бірауыздан қолдаған шараға қатысушылар да әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне ықпал етіп, қонақүйлер, ойын-сауық орталықтары сынды ғимарттар салуға кіріспек.

Шара соңында жиынға қатысушылар облыс әкімімен бірге стендтер мен макеттік үлгіде бейнеленген қаланың болашақтағы келбетін тамашалап, қаланың жобалық құрылымымен танысты.