Түркістанның бас жоспарын әзірлеуге халықаралық байқау жарияланды

0
2 078

Түркістанның бас жоспарын әзірлеуге халықаралық байқау жарияланды.


Түркістанның бас жоспарын әзірлеуге халықаралық байқау жарияланды

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия Түркістан облысының әкімдігімен бірлесе отырып халықаралық байқау жариялады. Бұл конкурс түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту бойынша бас жоспардың ең үздік тұжырымдамасын әзірлеуге арналған, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz cайтына сілтеме жасап.

Аталған байқаудың мақсаты түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласының бас жоспарының Тұжырымдамасының сәулет-қала құрылысы шешімдерін алуға негізделеді. Мұнда облыс орталығы ретінде Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылатын болады.

Байқаудың өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы. Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді. Байқаудың жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн теңгені құрайды, оның ішінде: - 1 орын – 25 млн теңге; - 2 орын – 10 млн теңге; - 3 орын – 5 млн теңге.

Байқауға кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады.