Түркістанның ескек есушілері жеңімпаз атанды

0
1 088

187 есуші бақ сынаған сайыста түркістандық ескек есушілер бірінші орынды жеңіп алды.


Түркістанның ескек есушілері жеңімпаз атанды

2018 жылдың 12 - 17 қыркүйегінде Алматы қаласында байдарка жəне ескек есу спортынан "Жылдам Қайық" атты республикалық турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарыста Түркістан облсының жастар құрама командасы (облыстық су спорты мектебінің түлектері) жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды.
Сайысқа елімізден 10 команда құрамында 187 есуші бақ сынады. Жарыстың нəтижелері мынадай:
1 - орын:Түркістан облысы - 313 ұпай.
2 - орын: Жезқазған - 253 ұпай.
3 - орын: Батыс Қазақстан облысы - 228 ұпай.