Түркістанның ескі бөлігіндегі 127 гектар жер көркейтіледі

0
489

Ескі қала аумағы абаттандырылып, көшелер жаңаша кейіпке енуде.


Түркістанның ескі бөлігіндегі 127 гектар жер көркейтіледі

Түркістанның ескі бөлігінде инфрақұрылым жаңарып, шағынаудандар көркейе түседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының ескі бөлігіндегі 127 гектар жерді тіршілікке ыңғайлы етіп көркейту көзделген. Бүгінде ескі қала аумағы абаттандырылып, көшелер көріктендірілуде. Суару жүйесі жүргізіліп, гүлзарлар, демалыс орындары, балалар алаңқайлары салынуда. Көгалдандырылып, 200 мың дана сальвия, тагетс, шафран, астра, ирис гүлдері егіледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев атқарылып жатқан жұмыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.


Сондай-ақ, Түркістандағы 1 және 2-мөлтек аудандарын абаттандыруға ерекше көңіл бөлініп, 9 подстанция жаңартылған. Сонымен қатар, заңсыз «полигон» қызметін атқарып келген алаңдарды тұрғындардың демалыс аймағына айналдыру қолға алынды.


Одан бөлек, «Төлеби» және «Шығармашылық» саябақтарында балалар ойын алаңшаларымен қатар бұқаралық спортпен шұғылдану орындары жасақталады. Гүлзарлар мен жасыл белдеуге, «Тұран» мөлтек ауданы аумағын ағын сумен қамту үшін гидрантты суландыру жүйесі жүргізіліп жатыр.