Түркістанның орталығы бас жоспарын жасауға шетелдік сәулетшілер келеді

0
3 355

Облыс орталығы Түркістан қаласының бас жоспарын жасауға шетелдік сәулетшілер өз үлесін қосады, деп хабарлайды ERNUR.KZ


Түркістанның орталығы бас жоспарын жасауға шетелдік сәулетшілер келеді

фото: kungei.kz

ERNUR.KZ. Облыс орталығы Түркістан қаласының бас жоспарын жасауға шетелдік сәулетшілер өз үлесін қосады, деп хабарлайды ERNUR.KZ shymkenttv.kz арнасына сілтеме жасап.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі:

«Енді, бұл Түркістан бұрыннан тарихи шаһар ғой. Біз соған байланысты салынатын ғимараттардың да сыртқы келбеттерін шығыстық үлгіде болуын ойластырып отырмыз.11 шілдеде халықаралық сәулетшілер конкурсын өткіземіз. Сол конкурстан кейін барлық жоспар бекітіледі», — дейді.

Конкурстан кейін қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығында құрылыс жұмыстары басталады. Алдын ала болжам бойынша Түркістанның күншығыс бөлігіндегі орталықта 300 гектардай аумақ құрылыс алаңына айналады. Мамандар мәліметіне сүйенсек, көне шаһардағы жер жағдайы қандай құрылысқа болсын, ыңғайлы.

Ербол Ахметов – облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

«Бұл Түркістанда су төмен, жер қатты. Одан кейін бұл аумақ сейсмикалық аймаққа жатпайды. Мәселен, Шымкентте 8 балл болса, мұнда олай емес. Бұл өз кезегінде құрылыс құнының арзан болуына ықпал жасайды. Себебі, бұл жерде өзге суы жоғары сазды аймақтарға қарағанда аз шығын жұмсалады», — деді.

Осындай мүмкіндіктерді ескерген мамандар бас жоспар белгіленіп, құрылыс басталатын болса, облыс орталығы аз уақыттың ішінде-ақ гүлденетініне сенімді.