Түркияда “ROAD SHOW ISTANBUL“WELCOME TO TURKISTAN-2021” іс-шарасы өтті

0
2 472

"Turkıstan Tourısm Senter" ақпараттық орталығы ұйымдастырған.


Түркияда “ROAD SHOW ISTANBUL“WELCOME TO TURKISTAN-2021” іс-шарасы өтті

Түркияның Ыстанбұл қаласында “ROAD SHOW ISTANBUL “WELCOME TO TURKISTAN-2021” атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың 18 қазан күні Түркістан облысының туризм басқармасы мен "Turkıstan Tourısm Senter" ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Түркияның Ыстанбұл қаласында “ROAD SHOW ISTANBUL “WELCOME TO TURKISTAN-2021” өткізілген іс-шарасы өз мәресіне жетті.


«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» аталуына және Ыстанбұл қаласымен іскерлік байланыстарды кеңейту, екі елдің туристік индустриясы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты арттыру және "Заманауи Жібек жолы" жобасын таныстыру мен екі ел арасында туристік өнімдерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.


Аталған іс-шараға, Түркітілдес елдерінің кеңесінің өкілі, Tүркияның туристік агенттіктер қауымдастығының (TURSAB) өкілі, қазақ консулдігі, Түркияның туризм саласындағы туроператорлар және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.