Үйге кіріп телефонын ұрлап кеткен

0
2 096

Кешке үйге белгісіз тұлғалар кірген


Үйге кіріп телефонын ұрлап кеткен

иллюстрациялық сурет: uglegorsk.news

ERNUR.KZ. Түркістан облысының полицейлері ізін суытпай телефон ұрлығын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД-нің бспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2018 жылдың 18 тамызында Келес АІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда бір күн бұрын кешке үйіне белгісіз тұлғалар кіріп, құны 60 мың теңгеден астам тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткендігі көрсетілген. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша Келес АІІБ СДТБТ-не тіркелген.


Қылмықа байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес АІІБ полиция қызметкерлері ізін суытпай күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Қазіргі таңда ұсталған тұлғаның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.