​Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы кәсіпкерлер тарапынан да жандануы тиіс

0
1 122

Бүгінде жаңадан құрылған Түркістан облысында 738 қоғамдық бірлестік тіркелген. Барлығы қоғамның, мемлекеттің дамуы үшін жұмыс жасап жатыр.


​Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы кәсіпкерлер тарапынан да жандануы тиіс

ERNUR.KZ. Түркістан қаласында өткен үкіметтік емес ұйымдарының облыстық VIII Азаматтық форумында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы кәсіпкерлер тарапынан да жандануы тиіс деп айтып өтті.

«Азаматтық қоғам және мемлекет: диалог, әріптестік және жауапкершілік» тақырыбында ұйымдастырылған форумға өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, қоғамдық бірлестік жетекшілері мен азаматтық белсенділер, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
"Бүгінде жаңадан құрылған Түркістан облысында 738 қоғамдық бірлестік тіркелген. Барлығы қоғамның, мемлекеттің дамуы үшін жұмыс жасап жатыр. Мемлекет тарапынан беріліп отырған қолдаудың аясыда кеңейіп келеді. Бұл жерде тек мемлекет қана емес, ұлтжанды кәсіпкерлер тарапынан да жұмыстар жандану керек" деген Жансейіт Қансейітұлы.
Форум аясында «Үкіметтік емес ұйымның ұйымдық дамуы» және «Жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі. Еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыптарында екі пленарлық секция өтті.