Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

0
3 404

Осы уақытқа дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы қызметін атқарған.


Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының басшыларын ротациялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР МҚІСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының басшыларын ротациялау туралы шешім қабылдады.

Аталған шешім бойынша Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Нұрлан Қамбатыров тағайындалды.

Айта кетейік, Нұрлан Қамбатыров осы уақытқа дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы қызметін атқарған.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының мемлекеттік қызметшілерді жүйелі түрде ротациялау туралы нұсқауын орындау үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелері қызметінің нәтижелілігін арттыру мақсатында Агенттік Төрағасы 8 аумақтық департаменттің басшысын ротациялау туралы шешім қабылдады.