Ұлттық спорт түрінен Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді

0
1 930

Жарысқа Қырғызстан Республикасының спортшылары мен бірге елімізден Түркістан, Жамбыл, Алматы, «Манкент» (Түлкібас ауданы), Ақтөбе қаласы және Қызылорда қаласының командасы қатысуы күтілуде.


Ұлттық спорт түрінен Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді

Ұлттық спорт түрінен Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілішісі.

Ағымдағы жылдың 30 қазаны мен 3 қараша аралығында Шымкент қаласындағы орталық атшабарда Түркістан облысының «Ұлттық спорт түрлері» мектебінің ұйымдастыруымен Мемлекет және Қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек ері Асанбай Асқаров атындағы көкпардан XVI –ші, аударыспақтан VI – шы, жамбы атудан II – ші және теңге ілуден I – ші халықаралық турнир өтеді.
Жарысқа Қырғызстан Республикасының спортшылары мен бірге елімізден Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, «Манкент» (Түлкібас ауданы), Ақтөбе қаласы және Қызылорда қаласының командасы қатысуы күтілуде.
Осы орайда айта кетсек, көкпар спортының алғашқы іріктеу ойындары 30 қазан күні Шымкент қаласындағы атшабар орталығында басталады. Айтулы ұлттық спортының бас жүлдесі үшін Түркістан облысы, Жамбыл облысы мен Қырғызстанның командасы негізгі үміткер саналып отыр. Ал, жарыстың ашылу салтанаты 31 қазан күні өтеді деп жоспарлануда. Турнирдің соңғы 3 қараша күні көкпардың ақтық ойыны мен 3 – орын үшін кездесулер өтетін болады.