"Машинаңның үстінен өтіп кетем": Желіні шулатқан ақсақал жауапкершілікке тартылды (видео)

0
2 739

Алдынан шыққан көлікті соғып, жолдан ысырып тастаған.


Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған егде жастағы ер азаматқа айыппұл салынып, жүргізуші куәлігінен айыратын болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге таралған екі автокөлік жүргізушілерінің арасындағы ерегіс жазылған бейнежазбаны анықтады. Тексеру барысында оқиға Келес ауданындағы елді мекендерінің бірінде орын алғаны белгілі болды. "Шевролет" автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Лада"автокөлігін соққан.

Келес ауданы полицейлерінің атқарған шараларының нәтижесінде жол апатына кінәлі және өз кінәсін мойындаған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Егде жастағы ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 4 бабы: 593-бабының 2-бөлігі "жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау", 601-бап "жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау" және 610-бап "көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соғуы", 611-бап "жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынуы мен жүргізуші куәлігінен айыру үшін сотқа жолданады. Өз кезегінде, "Лада" көлігінің жүргізушісі жол көлік оқиғасына кінәлі азаматқа қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартты.