"Visit Turkestan" кітабы жарыққа шығады

0
729

Кітап виртуалды мүмкіндікке ие стилде жазылған.


Түркі кеңесінің онлайн саммитінде «Visit Turkistan» кітабының презентациялық фотоальбомы жазылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы әкімдігінің тапсырысымен 31 наурызда өткен Түркі кеңесінің онлайн саммитінде «Visit Turkistan» кітабының презентациялық фотоальбомы жазылған болатын. Қазірде бүкіл түркі жұртына ортақ шаһар ретінде Түркістан жайында түрлі кітаптар басылуда. Солардың бірі - «Visit Turkistan» кітабы. Бұл кітап Түркістанның негізгі көрікті жерлері туралы ақпарат беріп, қала туралы таңғажайып аңыздар мен мифтерден сыр шертеді. Кітап виртуалды мүмкіндікке ие стилде жазылған.


Ол кітапты қолдану үшін телефонның камерасын кітап сыртындағы QR-кодқа жақындатсаңыз болғаны, тарихи-мәдени орындар туралы толығырақ мәлімет алып, панорамалық турлар арқылы сол жерлерде виртуалды түрде серуендеуге болады. Сондай-ақ, бірегей бейне шолуларды көруге де мүмкіндіктер қарастырылған.