​Еліміздегі ең көп көлік ОҚО-да тіркелген

0
1 387

2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында ОҚО-да 39 мың автокөлік тіркелген. Осы есеппен қазақстандағы көлік тіркеу санатында оңтүстік облыс бірінші орында тұр. Жалпы 3 ай көлемінде елімізде 259 810 автокөлік тіркеуге алынған.


​Еліміздегі ең көп көлік ОҚО-да тіркелген

2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында ОҚО-да 39 мың автокөлік тіркелген. Бұл Қазақстандағы көлік тіркеу санатын жағынан елдегі ең жоғары көрсеткіш,-деп жазады ERNUR.KZ тілшісі Қазақстандағы автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап.

Жалпы 3 ай көлемінде елімізде 259 810 автокөлік тіркеуге алынған. Бұл есеп 2017 жылдың жалпы есебінен 18,4%-ға көп.

Оңтүстіктен кейін, 2017 жылы тіркелген 38 327 көлік санымен Алматы облысы екінші орында. Аталмыш облыстарға қарағанда мемлекеттік маңызы бар Алматы (32 705) Астана(21 994) қалаларында көлік сатып алу көрсеткіші төмен.

Қазақстандағы автобизнес ассоциациясы өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтар шетелдік автокөліктеріне қызығушылық танытады екен.

2018 жылдың алғашқы 3 айында сатылым жағынан жапондық Toyota маркалы көлктер (40 852) көш бастап тұр. Екінші орында көршілес ресейдің Lada-сы (ВАЗ) (35 032). Одан кейінгі сұранысқа ие марка Mercedes-Benz (19 915) автокөлігі.