Зардап шеккен арыстықтар үшін 213 миллион теңге жиналды

0
1 333

​Бұл бүгін, 25.06.2019 ж. Сағат шамамен 18:00 дейінгі келіп түскен қаражат.


Зардап шеккен арыстықтар үшін  213 миллион теңге жиналды

Арыстағы зардап шеккендер үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры 213 млн. теңге келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың 24 маусымынан бастап Түркістан облысында Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында гуманитарлық көмек жұмыстары ұйымдастырылған болатын. Аталған көмекке көптеп қол созған Шымкент қаласының әкімдігі мен «Shymkent» ӘКК АҚ болып отыр.

Соңғы тәулікте Қазақстанның барлық аймағынан халық пен мемлекеттік мекемелер, жеке компаниялардан есепшотқа қаражат аударылып, гуманитарлық көмекті тасымалдауға түрлі транспорттармен көмектесуде.

Қазіргі уақытта аталған қорға 213 млн. теңге қаражат келіп түскен.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы Түркістан қаласы,

Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000 «ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

«Halyk Bank» картасы: 4031 6708 2224 4526 ( қаражатты Каспий банктің аударым жасау бағдарламасымен аударуға болады).

Айта кету керек, Шымкент қаласында материалдық көмек қорын қабылдау пунктері ашылған. Олар Абай ауданы, «Ынтымақ» ш/а, 592/3, Назарбаев даңғылы 12 («Көрме» орталығы) мекен-жайларында қабылдануда.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысынан Арыс қаласының тұрғындары үшін 3 тоннадан астам қажетті тауарлар жеткізілді. Енді Жамбыл мен Қызылорда облыстарынан келе жатқан гуманитарлық көмекті күтіп алуға дайындық жасалуда.

Сонымен қатар, аталған тауарларды арнайы эвакуациялық бекеттерге тарату жұмыстары жүріп жатыр.