Зекет қоры тұрмысы төмен 6 отбасыға баспана салып бермек

0
1 839

​Оңтүстік Қазақстан облыстық зекет қоры Бәйдібек ауданында биыл тұрмысы төмен 6 отбасыға зекет қорының және демеушілердің көмегімен тұрғын үй салып беремек, -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Зекет қоры тұрмысы төмен 6 отбасыға баспана салып бермек

Оңтүстік Қазақстан облыстық зекет қоры Бәйдібек ауданында биыл тұрмысы төмен 6 отбасыға зекет қорының және демеушілердің көмегімен тұрғын үй салып беремек, -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қор басшысы Ғалымжан Назаров Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылында өткен ақын, жазушы, жарымжан болса да жеке кәсіптің тізгінін ұстап отырған Эльмира Омарбекованың «Өмір жайлы, өзім жайлы» атты шығармашылық кешінде тұрғын үйлердің қазығы қағылғанын жеткізіп, тұрғындарды қуантып тастады.

Игілікті істі қолға алғандарға ақбастаулық айтыскер-ақын Ақмарал Леубаева, сатира майталманы Қ.Ғалымжан, ауылдық округ әкімі атынан ауыл әкімінің орынбасары А.Мұратова алғыстарын жеткізіп, кеш иесіне сыйлық жасады.

Кеш соңында дүние есігін ашқалы мүгедектер арбасына таңылған Э.Омарбекова өміріндегі кездескен қиындықтарды мерйірімді де жомарт жандардың қолдауымен жеңіп келе жатқанын, бүгінгі шарада бір баспанаға зар болып жүрген жандардың үйлі болу мәселесін де қоса шешкеніне қуанышты екенін білдірді.

Ақбастаудағы Ш.Уәлиханов мектебінің оқушылары, ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, «Айгүл» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері ақынның өлең жолдарын жатқа айтты.