Жалақыдан қарызы бар мекеме басшыларына ескерту жасалды

0
1 247

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мен еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жиын өтті. Талқыланған тақырыптың бірі - мекемелердің жұмысшы алдындағы жалақы қарызы. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр жалақыдан қарызы бар мекеме басшыларына жалақы қарызын төлеу мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Қала берді, барлық аудан, қала әкімдеріне және тиісті басқарма басшыларына жалақы қарызын анықтауды емес оның алдын алу қажеттігін айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Алмасбек Мамытбеков еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеу бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған жол картасы бойынша атқарылатын міндеттерді атап өтті. Яғни, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға салық органдарына тіркелу жөнінде хабарламалар тарату, олардың салық органдарына тіркелуі, қарамағындағы жұмыскерлермен еңбек шарттарын түзуі, өз жұмыскерлеріне міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жасау сынды іс-шара жоспарында жүзге жуық міндеттемелер көрсетілген. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары барлық аудан, қала әкімдеріне және тиісті басқарма басшыларына Жол картасы бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын тапсырып, оның қорытындысы бойынша айдың соңында есеп берулерін міндеттеді.