«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Отырарда абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр

0
204

4000-ға көшет отырғызылған.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Отырарда абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр

Отырарда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданындағы Маяқұм, Аққұм, Ақтөбе ауылдарында сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында саябақтардағы ағаштар әктеліп, белгіленген аймақтарда көшеттер егілді. Сонымен қатар, орталық көшелердегі аялдамалардың қасбеті реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар аясында аудандағы Аққұм, Маяқұм, Ақтөбе ауылдарында жалпы 4000-ға көшет отырғызылған.


Айта кетсек, акцияның өзі бірнеше апталықтарға бөлінген. Атап айтқанда, 6-13 сәуір аралығы – «Таза өлке» апталығы, 13-20 сәуір аралығы – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығы – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін - «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы.