«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Төлебиде мешіт қызметкерлері де акцияға үлес қосты

0
305

Олар мешіт ауласында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Төлебиде мешіт қызметкерлері де акцияға үлес қосты

Төлеби ауданындағы «Нұр» мешітінің қызметкерлері экологиялық акцияға үлес қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Төлеби ауданындағы «Нұр» мешітінің қызметкерлері экологиялық акцияға үлес қосты. Олар мешіт ауласында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қураған ағаштарды бұтап, түптерін әктеді. Сондай-ақ, мешіт аумағын күл-қоқыстан тазартты. Игі шара ауданның бас имамы Үсен Сауырбаевтың бастамасымен қолға алынған.


Бүгінде апталық аясында аудандағы барлық ауылдар мен елді мекендерде тал-гүл көшеттері егіліп жатыр. Одан бөлек, аялдамаларды қалпына келтіру және тұрғын үйлердің ауласын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланып жатыр.