«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Түлкібаста 138 шақырым арық-атыз тазаланды

0
252

Бұл жұмыстарға ауылдық округ әкімдігінің мамандары мен қатар арық өткен жолға жауапты мекеме өкілдері де белсенді атсалысуда.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Түлкібаста 138 шақырым арық-атыз тазаланды

Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттері мен гүл егу жұмыстары қарқын алып, оларға су келетін арық-атыздар мен каналдарды және ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.


«Таза Қазақстан» науқанының «Жасыл аймақ» апталығы аясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен елді мекендердің ішкі 138 шақырымнан астам су жүйелерін күл-қоқыстан тазартып, арнасын ретке келтіру жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстарға ауылдық округ әкімдігінің мамандары мен қатар арық өткен жолға жауапты мекеме өкілдері де белсенді атсалысуда.


Аталған жұмыстар бұнымен тоқтап қалмай, алдағы көкжелекті суғару маусымына дейін су келетін арығы жоқ аймақтарға жасанды суғару жүйесін орнату жұмыстары жүргізіледі.