​«Жасырын садақа» түркістандық жалғызбасты көпбалалы анаға 5 бөлмелі үй сыйлады

0
2 669

Жалдамалы пәтерде төрт ұл, екі қызымен күнелтіп келген Гүлназ Жанабаева жанға жайлы пәтер сыйлаған тұлғаларға рахметін айтты.


​«Жасырын садақа» түркістандық жалғызбасты көпбалалы анаға 5 бөлмелі үй сыйлады

Түркістандық жалғызбасты көпбалалы анаға қайырымды жандардың көмегімен бес бөлмелі баспананың кілті табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көпбалалы ана жанға жайлы пәтер сыйлаған «Жасырын садақа» жасаушы тұлғаларға рахметін айтты.

ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек қажы Ақтамберді, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергеновтер құттықтауын жеткізіп, демеушілік жасаған азаматтарға алғыс білдірді.
«Ислам дінімізде қайырымдылық жасау – ізгі амалдардың бірі», - деген «Жұма» мешітінің имамы Жахангир қажы Абдувалиев алдағы уақытта тағы да бірнеше тұрмыстық жағдайы аз қамтылған жанұяларға үй алып берілуі жоспарланып отырғандығын тілге тиек етті.

Қоғамның көмегіне мұқтаж жандарға көмек беріп, сауапты іске мұрындық болған Жахангир қажы қалалық өзбек этно-мәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахадир Ирсметовтың алғыс хатымен марапатталды.
Одан соң мешіт жамағаты мен ақсақалдар алқасының мүшелері дастарханнан дәм татып, ата-бабалар әруағына Құран бағышталды.
Ал жалдамалы пәтерде төрт ұл, екі қызымен күнелтіп келген Гүлназ Жанабаева риясыз көңілмен қуанышымен бөлісті.