«Жеңілдетілген несие алып беремін»: Түркістандық тұрғынды танысы алдап кеткен

0
855

«4 000 000 теңге несие шығарып беремін» деп, ақшасын алып жоқ болған.


«Жеңілдетілген несие алып беремін»: Түркістандық тұрғынды танысы алдап кеткен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы полицейлері «Жеңілдетілген несие алып беремін» деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, жәбірленуші танысының жеңілдетілген жолмен несие алып беремін деп сеніміне кіріп, алдап кеткендігін айтқан. Яғни, «4 000 000 теңге несие шығарып беремін» деп, 210 000 теңгесін алып, жоқ болған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, күдіктіні ұстау мақсатында қазығұрттық тәртіп сақшылары қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, жедел әрекетке кіріскен. Нәтижесінде күдікті ақпарат көздері арқылы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізіледі.

«Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұдан да басқа қылмыстық оқиғаларға қатыстылығы анықталуда. Бас шарасы «қолхатта», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Афта кетейік, Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге бейтаныс адамдарға сенбеуді, олардың заңсыз ұсынған ұсыныстарын қабыл алмауды ескертеді. «Жұмысқа тұрғызып беремін, мемлекеттік жәрдемақы, көмек алып беремін, кезексіз тірлігіңізді бітіріп беремін» - деген сарында уәде беретін алаяқтарға сенім артпауға шақырады.