«Жер алып беремін»: Алматылық азамат түркістандық тұрғыннан 2,5 млн. теңгесін ала алмай жүр

0
598

Сырттай танысы осы уақытқа дейін алдап келген.


«Жер алып беремін»: Алматылық азамат түркістандық тұрғыннан 2,5 млн. теңгесін ала алмай жүр

Түркістан облысының полицейлері «жер алып беремін» деп танысын алдап келген тұрғынды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас аудандық полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, сырттай танысы Түлкібас ауданынан 10 соттық жер алып беремін деп сеніміне кіріп, 2 500 000 теңгеге жуық ақшасын алған.


Түлкібастық сақшылар хабар алысымен күдіктіні іздеуге кірісіп, жан-жақты іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды. Полицейлер күдікті ер адамды Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен ұстап, ПБ-ға жеткізген. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.