Жетісай ауданында «Түркістан таланттары» жобасы жалғасын тапты

0
1 108

Туған жер, балалық шақ, ата-ана, табиғат мезгілдері және қариялар тақырыбында өлеңдерін оқып берді.


Жетісай ауданында «Түркістан таланттары» жобасы жалғасын тапты

«Түркістан таланттары» жобасы Жетісай ауданында жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Түркістан таланттары» жобасы Жетісай ауданында жалғасын тапты. Кешке Дәурен Айманбет және Мұқағали Кенжетайұлы сынды өлкемізге белгілі ақындар кейіпкер болған. Кешті ақын Айдар Сейдазым жүргізіп отырды.


Әдеби-мәдени шараны Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков ашып берді. Аудандағы оқырманмен кездесуге келген қос ақынның шығармашылығына сәттілік тіледі. Одан соң қаламгерлер шығармашылығына ұласты. Туған жер, балалық шақ, ата-ана, табиғат мезгілдері және қариялар тақырыбында өлеңдерін оқып берді. Кеш барысында қойылған қызықты сұрақтарға жауап беріп, сырларымен бөлісті. Оқырман қауым да ақын өлеңдерін жатқа оқып, көпшілікті тәнті етті.


Руханият бағытындағы іс-шараны Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры Орал Камал аудан әкімінің орынбасарымен бірге қорытындылап, ізгі тілегін арнады. Сонымен қатар алғысын жеткізді. Аудан әкімінің және басқарма басшысының және театр ұжымы атынан сый-құрмет көрсетілді. Осындай мазмұндағы кеш өлкеміздің жас ақындары – Нұрғали Сердалиев, Бауыржан Ерман және Сүндет Сейітовтің қатысуымен Мақтаарал ауданында жалғасады.


Айта кетейік, аталған жоба Түркістан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе ұйымдастырған.