Жетісайда мәдениет қызметкерлері Жолдауға қатысты жиын өткізді

0
2 349

Жиында жарыссөзге шыққан азаматтар тыңдалып, соңы пікір алмасып, сұрақ-жауап түрінде жалғасын тауып, Елбасы Жолдауында айтылған білім беру, денсаулық сақтау, мұғалім мәртебесін көтеру туралы әңгіме болды.


Жетісайда мәдениет қызметкерлері Жолдауға қатысты жиын өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша «Жетісай аудандық мәдениет үйінің»үлкен мәжіліс залында жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды Жетісай ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» басшысы Айтбай Тілесов Темірәліұлы ашып жүргізіп отырды. Жиында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық мәдениет үйімен кітапхана басшысы және тілдерді оқыту және дамыту орталығының басшылары сондай-ақ, мәдениет саласының бір топ арадегрелерімен қызметкерлері қатысты.
«Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған. Бүгінде барша қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз» - деді аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Н.Шоматова өз баяндамасында.
Жиында жарыссөзге шыққан азаматтар тыңдалып, соңы пікір алмасып, сұрақ-жауап түрінде жалғасын тауып, Елбасы Жолдауында айтылған білім беру, денсаулық сақтау, мұғалім мәртебесін көтеру, халықтың әл-ауқатын арттырып, денсаулығын қорғауға, жастарымыз бен балаларымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуына, салауатты өмір салтын өрістетуге арналған жаңалықтар мен тапсырмалар туралы өз ойларын айтып, Жолдауды бірауыздан қолдайтынын білдірді.
Сөз соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Тілесов: «Бүгінде барша Қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз. Сол міндетті орындау мақсатында осы кездесуді ұйымдастырып, пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға алғысымды білдіремін» - деп жиынды қорытындылады.