Жетісайда шу шықты: тағы да шекара мәселесі

0
1 719

Аталған мәселеге байланысты Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округіне қарасты Қоғалы елді мекенінің тұрғындарымен «Қоғалы» шекара заставасы маңында кездесу өтті.


Жетісайда шу шықты: тағы да шекара мәселесі

Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты Қоғалы елді мекенінде шекара мәселесіне қатысты тағы да шу шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесуде Қоғалы елді мекенінің тұрғындары Жетісай ауданы әкімі Жамантай Қанайұлы мен шекара қызметі өкілдеріне шекара мәселесі бойынша бірқатар сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алысты.

Жиында тұрғындарға бүгінгі таңда шекара бойындағы инженерлік құрылыс жұмыстары Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Үкіметаралық демаркациялық комиссияның 2017 жылғы 15-қыркүйектегі №57 хаттамалық тапсырмасына сәйкес жүргізілгендігі туралы толығымен түсіндірілді.

Екі елдің үкіметтері арасындағы комиссияның шешімдеріне сәйкес, шекарада жүргізілген жұмыстардан Қазақстан тарапына ешқандай нұқсан келтіретін жағдайдың жоқ екендігі айтылды. Тиісті жұмыстар аяқталған соң керісінше, Қазақстанның шекара аумағында орналасқан елдімекендердің шаруашылық жұмыстарды жүргізулеріне қолайлы жағдай жасалғандығы айтылып, тұрғындардың көңіліндегі үрей мен күдік сейілді.

Бүгінгі таңда аталмыш мәселеге қатысты өңірде ешқандай келеңсіз оқиға орын алмаған, мән-жайды құзырлы органдар тікелей бақылауда ұстап отыр.