Жетісайлық жастар интернационал жауынгерлерге құрмет көрсетті

0
2 941

Жетісай ауданының жастары Ауған соғысының 30 жылдығын атап өтті.


Жетісайлық жастар интернационал жауынгерлерге құрмет көрсетті

Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен қаладағы «Сырдария» университетінде жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық қасиеттерді сіңіру мақсатында ауған ардагерлерімен мерекелік кездесу кеші болып өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Ерлікке тағзым» ұранымен өткен басқосу ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды. «Ауған елінде интернационалдық және азаматтық борышын өтеген ардагер азамат ағаларымыздың ерен еңбектері мен бабалардың дарытқан батырлығын ескеріп Елбасымызбен, халқымызбен бірге құрметтейміз. Жетісай аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің ауданымызда жасөспірімдерді отансүйгіштік пен рухани тәрбиелеудегі мағыналы іс-шаралардың басы-қасында жүр. Ол кісілердің қатысқан соғыстары қазақтың көрген ең соңғы соғысы болсын»,- дейді Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Руслан Асанов.

Ерлік жасау дегеніміз – қолыңа қару алып, жауға қарсы шығу ғана емес, Отаныңа адал қызмет етіп, бойыңа біткен дарының арқылы еліңнің мерейін үстем ету де ерлікпен пара-пар. Сондықтан, Қазақстанның әрбір азаматы бар күш-қайраты мен білімін туған жерін түлетуге жұмсауы тиіс. Іс-шараның көздеген мақсатының бірі – осыны жастарға терең ұғындыру болды.