​Жолдауды насихаттаушы сенаторлар Жетісайға барды

0
2 018

Алғаш боп сөз алған Әлімжан Сейтжанұлы жаңадан құрылған Жетісай ауданының халқына құтты болсын айтып, Елбасының Жолдауындағы негізгі басымдықтарына жеке-жеке тоқталып, кең көлемде түсінік берді.


​Жолдауды насихаттаушы сенаторлар Жетісайға барды

Бүгін Жетісай ауданына Елбасының халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Парламент Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утанов, аудандық ардагерлер және аналар кеңесі, аудандық мәслихат депуттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алғаш боп сөз алған Әлімжан Сейтжанұлы жаңадан құрылған Жетісай ауданының халқына құтты болсын айтып, Елбасының Жолдауындағы негізгі басымдықтарына жеке-жеке тоқталып, кең көлемде түсінік берді.
«Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы мерзімі мен мағынасы, салмағы жағынан да өзгеше болды. Бұл жолы Президентіміз: «Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты» болады деді. Бірінші кезекте Елбасы халық табысының өсуіне мән берді. Осы ретте Елбасымыз үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды», - деді Әлімжан Сейтжанұлы.
Сенат депутаты Жолдауда айтылған тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерісіне атсалысуы мәселелерi бойынша нақты мысалдармен, жан-жақты талдай отырып түсіндіріп берді.
Кездесуде сөз алған Жетісай аудандық мәслихат депутаты Марат Ділдабеков «Шымкент- Сарыағаш – Жетісай» бағытындағы республикалық маңызы бар жолды автобан ретінде Жетісай ауданына дейін салуға қолдау білдіруін сұранды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік сатып алу, аудандық маңызы бар жолдар мен қала, кент, ауыл округтеріндегі ішкі орамдық көшелерді орта жөндеуден өткізуге мемлекет тарапынан қаржы бөлдіруге ықпал етуін өтінді.
Сондай-ақ, жиында сөз алған Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев мұғалімдер мәртебесін көтеру, тазалық сақтау, тәлім-тәрбие мәселелерін көтеріп, сауалын жолдады.
Жиынды қорытқан Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев сенаторға аудан экономикасын көтеру мақсатында темір жол мен әуежай қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, халықты газбен қамтамасыз етуде қолбайлау болып отырған бірқатар мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуін сұранды.
Өз кезегінде сенатор бүгінгі ұсынылған ұсыныс-пікірлерді зерттеп-зерделеп, оң шешілуіне атсалысатынын жеткізді.